3 дроппер сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Telegram мессенджері арқылы тергеу барысында анықталмаған тұлғамен үш дроппер қылмыстық сөз байласып, қарт адамдарға телефон соғып, жақын туыстарының жол ережесін бұзғанын, соның салдарынан көмекке мұқтаж адамдар зардап шеккенін хабарлаған.

   Куратордың нұсқауымен «жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге» материалдық көмек ретінде алданған тұлғалардан 14 млн теңгеден астам ақша алып, оны қылмысты ұйымдастырушының есеп айырысу шотына аударып, олардың әрекеттері үшін алынған соманың бір бөлігін өзіне қалдырған үш кінәлі тұлға анықталды.

   Олардың екеуі шет мемлекеттің азаматы бола тұра, жәбірленушілердің ақшасын жымқырып, елден шықпақ болған. Алайда, олар рейсті күтіп тұрған кезде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұсталды. 

    Мемлекеттiк айыптаушы сотқа бұлтартпас айғақтарды ұсына отырып, кiнәлiлердiң алаяқтыққа, яғни аса iрi мөлшерде алдау жолымен бөтеннiң мүлкiн ұрлауға, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында бiрнеше рет жасау ниетiн дәлелдеді.

   Келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді.

   Үш тұлғаның әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

   Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне назар аударады.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1052431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді