АУДАН АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты Ө.Жәнібеков көшесінде кезекті сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық шарасына аудан әкімдігі, «Таза Өлке» ЖШС, «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысып, белсенді еңбек етті. Сенбілік шарасында жаяу жүргіншілер жолдары, көше бойлары, ирригациялық жүйелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, қураған ағаш бұтақтары мен легустралар қырқылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде арнайы техника күшімен 27 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1052432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді