Ауыл көшелері қалпына келтірілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар ауыл-аймақтың көркеюіне көмек болуда. Мұның сыртында ауылдан қанаттанған азаматтардың туған жерге жасаған қаржылай көмектері бар. Округтердің барлығында дерлік ауыз су мәселесі шешілсе, округтердегі тұрғындардың басым көпшілігі көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

     Қызыләуіт ауылдық округінде жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын Е.Тұрлыбайұлы және Есей көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылысқа жауапты «Тараз көлік жолдары» ЖШС тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ асып, Е.Тұрлыбайұлы көшесінен су ағатын арық жасау мақсатында арнайы құбыр орнатты.  Мұндай бастамалар Ақкөл ауылдық округінде де  өтіп жатыр.  Бұған дейін ауылдағы көше жолдары қалпына келтірілсе, ендігі ретте жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп жатыр Облыстық маңызы бар, ауылды қақ жарып өтетін Д.Қонаев және С.Шәкіров көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруына, көшелердің келбетін жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1052657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді