🔰 САРЫАҒАШ: ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ӨНДІРІСТЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлының 2025 жылдың 19 тамызында өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатындағы іс сапары Сарыағаш ауданында өз жалғасын тапты.
Кездесуге Сарыағаш ауданы білім бөлімінің қызметкерлері, «Standard Life» АҚ-ның және «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Жөнелбай Мұрат және ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығы, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері, сонымен қатар жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы тарқатып өтті.
Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.
Жауап қалдыру