Еліміздің басты Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Ата Заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз».
Осыған орай Конституция күні қарсаңында Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасы аудан орталығында билбордтар орнатып, халыққа Ата заңның мәні мен маңызын түсіндіруді, заң үстемдігі мен құқықтық мәдениетті нығайтуды мақсат етті.
Прокуратура органдарының басты міндеті – Конституцияда айқындалған қағидаттарды берік ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗаңҮшін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1053412?lang=kk
Жауап қалдыру