
2025 жылғы 19 тамызда ZOOM платформасында онлайн-вебинар форматында Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бюджеттік ұйымдарының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл ауданының мамандары қатысты.
Вебинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
– бюджеттік өтінімдер жасау;
– шығындарды нақтылау және түзету;
– стандартты және жиынтық есептерді қалыптастыру;
– “Мекеме БПиФ” бағдарламасындағы өзекті өзгерістер;
– жоспарлы кезеңге арналған лимиттерге дайындық.
Қатысушылар жүйедегі іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сондай-ақ жоспарлау және есеп беру процесінде туындайтын практикалық сұрақтарға жауаптар алды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-oefin/press/news/details/1053411?lang=kk
Жауап қалдыру