«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4200 ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ КӨМЕК АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔱Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес ауданымыз бойынша 5 санатқа жататын 3 450 мектеп жасындағы баланың ата-аналарының шотына 46 228 теңге көлемінде қаржы аударылды.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығының Темірлан елді мекенінің орталық алаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында кең ауқымды мектеп жәрмеңкесі өтті.
🔱Жәрмеңкеге Шымкент қаласының «Авто-Нұр» ЖШС сауда орталығы және аудан орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған 70-тен астам кәсіпкер атсалысты. Олар жаңа оқу жылына қажетті мектеп формаларын, спорттық киімдерді, кеңсе тауарларын және өзге де қажетті құрал-жабдықтарды нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағада ұсынды.
🔱Сондай-ақ, жаны жомарт азаматтарды қайырымдылық іс-шараға тарту арқылы аудан әкімдігі мен білім бөлімі жәрмеңке барысында 310 балаға қосымша қолдау көрсетіп, ақшалай қаражатпен қатар киім-кешек және мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыс етті.
🔱«Мектепке жол» республикалық акциясының негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың мектепке баруын жеңілдету.
🔱Әрбір оқу жылы – балалар үшін үлкен қуаныш пен мереке. Осындай ауқымды әрі игі шаралар арқылы бүлдіршіндер мектеп табалдырығын шат-шадыман көңіл-күймен аттап, білім әлеміне қадам басады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1053141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді