
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шарбиев «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Кездесуге Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары қатысты.
Кездесу онлайн форматта, бейнеконференция режимінде өтті.
Кездесуде елді мекендер аумағында жасыл желектерді отырғызу, кәріз сулар, Алматы қаласының су ресурстарының жай — күйі – өзендер мен су айдындарының ластануы және басқа да мәселелері көтерілді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, вице-министр олардың өтініштері бойынша толық жауаптар берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсету тапсырмасы берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1053895?lang=kk
Жауап қалдыру