Көршілер ынтымағы: Петропавлда қауіпсіз орта қалай қалыптасып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда учаскелік инспекторлардың тұрғындармен және пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) өкілдерімен кездесуінің Бірыңғай күні өтті. Осындай шаралардың бірі Парковая көшесі, 21 үйдің ауласында ұйымдастырылды.

Бұған дейін облыс орталығында «Көршілер қадағалауы» бағдарламасы кеңінен іске асқан болатын. Ол көршілер, полиция және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Бүгінде бұл формат ішінара жаңартылып, әрбір көпқабатты үйде мессенджер-чаттар құрылған. Оған учаскелік инспекторлар, тұрғындар және ПИК мүшелері қосылған. Бұл чаттарда тұрғындар күн сайын дерлік ұсыныстарын айтып, кейде шағымдарын қалдырады, ал учаскелік инспекторлар заң аясында жедел әрекет етеді.

Парковая көшесі, 21 мекенжайында өткен кездесуде учаскелік полицейлер тұрғындармен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу, ұрлықтың жолын кесу және жасөспірімдер қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қала тұрғындары полиция өкілдеріне ашықтық пен тікелей диалог мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

Көршілер ынтымағын нығайтуға ерекше назар аударылды. Учаскелік инспекторлар пайдалы ақпарат қамтылған жадынамалар таратты, байланыс деректерін бөлісті және тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын назарға алды. Мұндай ашық қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай кездесулер Петропавл қаласының барлық әкімшілік учаскелерінде ғана емес, облыстың ауылдық аудандарында да жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыс тәсілі «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ашықтықты, кері байланысты және әрбір тұрғынға назар аударуды қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдарға деген сенімді айтарлықтай арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1054030?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді