Жұмысқа орналасуға келіп телефон ұрлап кеткен: елордалық полицейлер ұрлықты әшкереледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ұрлық жасалды. Кафе қызметкері бірнеше минутқа кабинеттен шығып кеткен сәтте, өзінің мүлкінің жоғалғанын анықтаған.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті анықталды. Ол еркін қол жеткізу арқылы 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, ол жұмыс іздеп келген ер адам болып шыққан.
Күдіктінің айтуынша, ол кеңсеге жұмысқа орналасу мақсатында келген. Әкімшіні күтіп отырған кезде үстелдің үстінде жатқан телефонды байқап қалып, бір сәтте смартфонды қолына алып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған телефонды сатып жібергенін, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты қылмыстық жолмен иелену – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1054029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді