🔰 ОТЫРАР: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕМЕНШІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес 2025 жылдың 20 тамызы күні Отырар ауданында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Отырар аудандық білім беру бөлімінің қызметкері және Отырар ауданындағы жекеменшік және мемлекеттік балабақша меңгерушілерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырып, өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дамир Серғазыұлы жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1054028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді