Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19 тамызда Имантау ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесті әкім аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Айыртау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы өткізді.
Кеңес аясында өзекті мәселелер қаралды:
. мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау;
. мүдделер қақтығысының алдын алу;
. азаматтардың әдеп бұзушылықтарға қатысты шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібі.
Кеңес қорытындысы бойынша Әдеп нормаларының сақталуына бақылауды күшейту, ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу және Мемлекеттік қызмет қағидаттарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1054121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді