
Мұндай форматтағы қарым-қатынас қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық қорғау органдары мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайту стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.
Бүгінгі таңда өңірде шамамен 120 МИБ пен 45 ПИК жұмыс істейді. Олар көпқабатты үйлерді басқаруда және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда маңызды рөл атқарады.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері халықпен 611 кездесу өткізді. Бұл екі тараптың да белсенділігі мен сындарлы диалогқа қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.
Кездесулер барысында әртүрлі мәселелер көтеріледі. Мәселен, аула абаттандыруы мен жарықтандыруынан бастап, «шулы көршілерге» шағымдану немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуына дейін. Полицейлер тек тұрғындарды тыңдап қана қоймай, ұсыныстар береді және арыз-шағымдарды кейінгі әрекет үшін тіркейді.
Осындай өзара іс-қимыл форматы жергілікті мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз әрі жайлы қала ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. «Көршілер бақылауы» — жай ғана сөз емес, қоғам мен полицияның өзара әрекеттесуінің нақты құралы.
Құқық қорғау органдарының өкілдерінің айтуынша, тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, облыстың қалалық және ауылдық аумақтарын толық қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-michurin/press/news/details/1054494?lang=kk
Жауап қалдыру