Жергілікті өндіріс орнына экскурсия: «Бетбұрыс» жобасының қатысушылары Ақтөбе есік фабрикасына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бетбұрыс» жобасының қатысушылары үшін тағы да ерекше күн болды, жергілікті өндіріс орнына экскурсия ұйымдастырылып, қазақстандық индустрияның даму болашағы мен отандық кәсіпорындардың табысқа жету жолдары талқыланды.

Кездесу спикері ретінде фабрика директоры – Ильяс Дюсембеков сөз сөйледі. Ол өндіріс саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, отандық өнімнің маңыздылығы туралы айтты. Оның айтуынша, қазақстандық тауарларға тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де сұраныс жоғары.

Экскурсия барысында қатысушылар фабриканың жұмысы, жаңа технологияларды қолдану, мамандарды даярлау және отандық шикізаттан бәсекеге қабілетті өнім шығару жолдарымен танысты.

Қазақстандық өндірісті қолдаудың ел экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті кәсіпорындардың нығаюына тікелей әсер ететініне ерекше назар аударылды. «Әрбір тұтынушының таңдауы – отандық өндірістің болашағына қосқан үлесі», – деп атап өтті спикер.

Осындай кездесулер жас кәсіпкерлерге шабыт беріп қана қоймай, Қазақстандағы өндірісті дамытуға жаңа көзқарас қалыптастырады. Қатысушылар өз жобаларында жаңа қадам жасауға мотивация алып, отандық өнімді қолдаудың маңызын терең түсінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/1054495?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді