
Бүгін тамыз педагогикалық конференциясы аясында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларынан құралған секция отырысы өтті.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментін білім беру қызметін лицензиялау департаментінің басшысы А.А.Аленова «Бақылау кері байланыс механизмі: қадағалау органы тұрғысынан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өсу ндаму бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.
Бақылау функциясына қарамастан, Департамент өз міндетін кеңірек көреді – жүріп жатқан процестердің айнасы және қажет болған жағдайда жалпы өңірдің білім беру жүйесінің тиімді даму траекториясын қалыптастыруға көмекші болу.
Бақылау тек қателерді анықтау ғана емес, сонымен қатар қайталанатын бұзушылықтарды көруге мүмкіндік беретін кері байланыс механизмін қамтамасыз ету болып табылады, бұл өз кезегінде жүйелік проблемаларды көрсетеді.
Дәл осы бағытта жүйелі көзқарасқа баса назар аударылып, түйткілді тұстарды анықтап, бірлесіп алға жылжу ұсынысымен сындарлы әңгіме өрбіді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1054801?lang=kk
Жауап қалдыру