Педикулезді алдын алу бойынша шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Педикулез – адам терісі мен шашында қанмен қоректенетін биттердің арнайы паразиттік тіршілік етуінен туындайтын ауру. Адамда үш түрлі бит паразиттік тіршіліік ете алады: бас, киім және жамбас биттері. Ең жиі биттер шаштың бас терісінде пайда болады.

 

Бит денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін бөртпе сүзек және кейбір қызба түрлерінің тасымалдаушылары болып табылады.

 

Жұғу жолдары

Педикулезді адамдар ауырған адаммен тығыз қарым-қатынас жасау немесе оның жеке заттарын қолдану арқылы болады. Қауіп әсіресе келесі жағдайларда жоғары болады:

– балалардың ұжымда қарым-қатынас жасауы (балабақшалар, мектептер, лагерьлер, интернаттар);

– адамдар көп жиналатын орындарда және адам толы көлікте болу;

– ортақ заттарды – тарақтарды, бас киімдерді, киім-кешекті, төсек-жабдықтарды қолдану.

 

Педикулездің негізгі белгілері:

шаштың түбіндегі тістеген жерлерде қышу;

– бөртпе (теріде, әсіресе шаштың шет аймағында қызыл дақтардың пайда болуы);

– терінің тырналуы және зақымдануы;

– сіркелердің (биттің жұмыртқалары) болуы – шаштың түбіне мықтап жабысып алады.

 

Емделмеген жағдайда ауру пиодермиямен – теріге бактериялар түскен кезде пайда болатын іріңді инфекциямен – асқынуы мүмкін.

 

Қауіп топтары:

Педикулезмен ең көп зақымданатындар – балалар, себебі олар жиі құрдастарымен тығыз байланыста болады. Сондықтан педикулез көбінесе балалар ұжымдарында кездеседі.

 

Педикулез анықталған жағдайда:

1) тұрғылықты жеріңіздегі медициналық мекемеге хабарласыңыз, онда дәрігер үйде қолдануға рұқсат етілген педикулезге қарсы препараттарды нұсқаулыққа сәйкес қолдануға кеңес береді;

2) отбасындағы барлық мүшелерді бір уақытта өңдеуді міндетті түрде жүзеге асырыңыз;

3) бір ай бойы отбасындағы барлық мүшелердің шашын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.

 

Педикулезді алдын алу шаралары:

– педикулез жұқтырған адамдармен байланыстан аулақ болу;

– жеке гигиенаны сақтау: дене мен басыңызды 5-7 күнде кемінде бір рет жуу;

– күнделікті шаш тарау, шашты үнемі қию;

– іш киім мен төсек-орын жабдықтарын аптасына кемінде бір рет ауыстыру, жуу және ыстық үтікпен үтіктеу;

– бөтен киім, тарақ және төсек жабдықтарын пайдаланбау;

– үйді таза ұстау, бөлмелерді жиі жинау;

– баланың киімі мен шашының тазалығына мұқият қарау.

 

Есіңізде болсын! Балаларыңызға гигиеналық дағдыларды сақтау және баулу бойынша, отбасында жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу арқылы сіз педикулездің пайда болуының алдын аласыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1054799?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді