
Еңбекті қорғау деңгейін арттыру, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сізге Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) бастамасымен «Vision Zero» халықаралық бағдарламасына қосылу туралы ұсыныспен жүгінеді.
Vision Zero бағдарламасы өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Ол еңбекті қорғаудың жеті «алтын ережесіне» негізделген және әлемнің көптеген елдерінде өзінің тиімділігін дәлелдеген.
Бағдарламаға қатысу компанияның әлеуметтік жауапты жұмыс беруші ретінде беделін нығайтуға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізуге, халықаралық әдістемелік материалдар мен тәжірибелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Vision Zero бағдарламасына қосылу үшін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының ресми сайтында қарапайым онлайн тіркелуді аяқтау қажет: https://visionzero.global/join-us.
Тіркелгеннен кейін ұйым бастамаға қатысушы мәртебесін алады және оқу материалдарын, бақылау парақтарын, презентацияларды және басқа да тәуекелдердің алдын алу құралдарын қоса алғанда, (ISSA) ақпараттық және әдістемелік материалдарына қолжетімділік алады.
Осы бастаманы іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бағдарламаға қатысушылар үшін оқу іс-шараларын, вебинарлар мен консультацияларды өткізеді, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибені насихаттауға ықпал етеді.
Сіздерді бастаманы қолдауға және қауіпсіз және салауатты еңбек ортасын құруға үлес қосуға шақырамыз!
Барлық сұрақтар бойынша Департаментке осы нөмір бойынша хабарласа аласыздар: 87152463373
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/1054832?lang=kk
Жауап қалдыру