
2025 жылдың 20 тамызында Қырғызстанның Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі ведомство басшыларының алғашқы кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық дамуды ынталандыру, тәжірибе алмасу және ұлттық тәсілдерді үйлестіру қажеттілігін талқылады.
ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Марина Сиротина Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы шілде айында Әзірбайжанның Шуша қаласында өткен ТМҰ саммитінде жарияланған Түркі патент ұйымын құру жөніндегі бастамасын еске салды.
Ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып, жұмыс тобы құрылды және конвенцияның жобасы мен қаржылық-экономикалық талдау әзірленді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен декларация қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1054834?lang=kk
Жауап қалдыру