Орманды өрттен қорғау ортақ парыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шiлде өтiп, күз түскеннен-ақ орманды аймақтар мен алқаптарда өрт қаупi күшейе түседi. Әсiресе, орманы калың Шығыс-Қазақстан облысының аумағында өртке қарсы iс-шаралар ерте басталады.

Өрттiң басым бөлiгi шет аумақтан тарайды. Мәселен, жазық дала, жол жиегi мен демалушылар көп аялдайтын өзен жағалауы негiзгi қауiптi аймақтар болып саналады. Орман өртi ондағы ұзақ жылғы еңбектiң жемiсiн жойып қана қоймай, таяу маңдағы елдi мекендерге де қауiп төндiредi. Десек те, өрттiң 95 пайызы – антропогендiк, яғни адамдардың жауапсыз қарекетiнен пайда болатын фактор. Демалушылардың қоршаған ортаға зейiнсiздiк танытуынан, яғни темекi немесе сiрiңке шиiн өшiрмей тастау, далада жанған отты өшiрмеу салдарынан арнайы қорғауға алынған аймақтардағы сирек кездесетiн жан-жануарлар мен жасыл-желек зардап шегедi. Ал, табиғи ортаны қайта қалпына келтiрудiң үлкен еңбектi қажет ететiнiн ескерсек, оны қорғау жолында еңбек етiп жүрген табиғат жанашырларының жұмысын бағалап, қоршаған ортаға деген жауапкершiлiктi арттырған абзал. Бұл әрбiр тұрғынның азаматтық парызы болуы тиiс.

Бүгiнгi табиғи байлығымыз келер ұрпаққа мұра болып қалсын десек, әрқайсысымыз бойымыздағы жауапкершiлiктi арттырып, табиғатты қорғау үшiн аянып қалмауымыз керек. Егер сiз орман өртiн көре қалсаңыз, өрт сөндiру қызметiне шұғыл түрде хабарлаңыз. Бұл ұлт келешегiне қосқан үлесiңiз болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1054619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді