Пәтердегі өрт кезінде ер адам құтқарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Өскемен қ. Ә.Қашаубаев көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйден куәгерлер үшінші қабаттағы пәтерден түтінді байқап, құтқарушыларды шақырды.

 Келген ТЖД бөлімшелері 2 шаршы метр алаңда жанып жатқан тұрғын үй-жайға кірді. Қауіпсіздік мақсатында баспалдақ маршымен түтін басқан кіреберістен 9 тұрғын эвакуацияланды.

Түтінді пәтерден құтқарушылар 1990 жылы туған ер адамды қолына алып шықты, оны ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен медициналық мекемеге жатқызылды.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, отқа немқұрайлылықпен қарамауға, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұрайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1054638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді