Петропавлда дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. 

🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «1300 мектепті жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда облыста 67 мектеп жаңғыртудан өтеді.

🔸 Білім беру саласы өңірлік дамудың басты басымдығы болып қала бермек. Аталған салаға биыл 164 млрд теңге, бұл облыс бюджетінің 33,4%.

🔹 Өңірде мектептер, балабақшалар мен спорт нысандарын салу жалғасуда. Бұл ретте өңірлік бизнес өкілдері де атсалысуда. Кәсіпкерлердің білім беру саласына салған инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгеден асты.

🔸 Сонымен қатар, облыста білім беру жүйесін цифрландыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Мектептер заманауи техникалармен жабдықталып, электронды оқыту платформалары енгізілуде. Бұл – сапалы әрі қолжетімді білімге жол ашатын маңызды қадам.

«Облыстық 5 мектеп республиканың үздік 100 мектебі қатарына енсе, 4 мектеп олимпиадалық бағыттағы ТОП мектептер тізіміне кірді. Олардың қатарында ауыл мектептері де бар. Ендігі міндет — кемінде 10 мектептің республикалық рейтингтерге енуін қамтамасыз ету», деді облыс әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1054379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді