Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қармақшы ауданының әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі Заң мен тәртіп аясында бірлескен жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының қатысуымен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Рейд барысында саябақтар, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және басқа да жастар көп шоғырланатын орындар араланып кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Айта кетейік, рейд барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстап, күл-қоқыстар тастамау жөнінде де ескерту жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1054350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді