ШҚО-да жаңа балабақшалар ашылып, қолданыстағы мекемелерде қосымша орындар құрылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 1 тамыздан бастап 2025–2026 оқу жылына дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарды жасақтау жұмыстары басталды. «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесінде 7615 бос орындар жарияланды, оның ішінде 4813 орын – Өскемен қаласынан жарияланған.

Қазіргі уақытта өңірде 212 мектепке дейінгі ұйым және 176 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту деңгейі 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар арасында – 100%, 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар арасында – 99,2% құрады.

Осы жылдың басынан бері 242 жаңа орын ашылды. Оның ішінде Өскемен қаласында және Зайсан ауданында екі балабақша іске қосылды, қолданыстағы мекемелерде қосымша орындар ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін тағы 1257 орын ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Өскемен қаласындағы мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1054621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді