🔰 ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫН ТІРКЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркін Мақсұтұлының 2025 жылдың 22 тамыз күнгі іс сапар барысы Түлкібас ауданы білім бөлімінің “Таңшолпан” балалар бақшасы” МКҚК-де өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізумен жалғасын тапты.
 
🔹 Кездесуге “Freedom Life” АҚ менеджері Көшерова Фарида Нұрлыбайқызы және ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Еркін Мақсұтұлы өз түсіндірмесінде жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарына талдау жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1055507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді