«Тоқта вандал»: Сарыарқа ауданында қоғамдық мүлікті бүлдіруге қарсы акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыарқа ауданында «Заң және тәртіп» нарративі аясында және құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарда қала кеңістігіне ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тоқта, вандал» акциясы өтті.

2025 жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша 22 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 дерек бойынша сот шешімімен құқықбұзушыларға әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Бұл шаралар вандализмге біздің қаламызда орын жоқ екенін айқындайды.

«Вандализм — жай ғана мүлікті бүлдіру емес. Бұл барлық тұрғындардың еңбегі мен жайлылығына деген құрметсіздік. Біздің мақсатымыз. бірге қаламызды таза, жайлы әрі қауіпсіз етіп сақтау», — деп атап өтті қатысушылар.

Акцияға танымал тұлғалар, белсенді жастар мен спортшылар қатысып, өз үлгілерімен қоғамдық кеңістікті сақтау идеясын қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1055509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді