«Алма Сервис» ЖШС қызметіндегі бұзушылықтарды жою

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тексеру комиссиясы Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттық резервті және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау аудиті аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жұмыс істейтін «Алма Сервис» ЖШС қызметіне қарсы тексеру жүргізді.

Тексеру барысында ұйымның медициналық қызметке тиісті лицензиясы жоқ бола тұра, балаларға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсеткені анықталды. Балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, Тексеру комиссиясы жаңа оқу-жаттығу процесі басталғанға, яғни 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «Алма Сервис» ЖШС-ге тиісті лицензия берді, бұл өз кезегінде оқу — жаттығу процесін тиісінше сүйемелдеуге және өңірде балалар хоккейінің қауіпсіз дамуына мүмкіндік береді.

Қалған тапсырмалардың орындалу мониторингі мен ұсынымдардың іске асырылуы Тексеру комиссиясының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1055588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді