ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы әкімінің орынбасары бекіткен алгоритм мен іс-шара жоспарына сәйкес, Созақ ауданы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы мақсатта құрылған аудандық жұмысшы топ Созақ аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтік тексерулер ұйымдастыруда.
07 тамыз 2025 жылы Шолаққорған ауылдық округі аумағында кезекті рейд өткізілді. Тексеру барысында Шымкент – Шолаққорған бағытында қозғалған Shacman маркалы ауыр жүк көлігі (мемлекеттік нөмірі KZ 036 AC 08) және КАМАЗ маркалы ауыр жүк көлігі (мемлекеттік нөмірі KZ 218 AK 08) тоқтатылып, тиісті құжаттары тексерілді.
Нәтижесінде заңбұзушылық фактілері анықталған жоқ. Алдағы уақытта облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты бақылау және рейдтік іс-шаралар күшейтілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1055589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді