Жетісу облысында жаңа 2025–2026 оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз конференциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында жаңа 2025–2026 оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Іс-шара «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында ұйымдастырылып, аймақтағы білім саласын дамыту жолдары мен өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Конференцияға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтерімен бірге Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты.

Конференция барысында ұстаздардың жетістіктері мен тәжірибелері ортаға салынып, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен бастамалар талқыланды.

Бұл алқалы жиын педагогтер қауымына тың серпін беріп, жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен қадам басуға негіз болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1055590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді