
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО студенттік Ассамблеясы ашылды. Бұл жастарды шоғырландыруға және студенттік ортада жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жағдай жасауға ықпал етеді.
“Ассамблея Жастары” көшбасшыларымен кездесу барысында креативті жобаларды қолдау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және Ассамблеяның әлеуметтік маңызды жобаларына белсенді тарту мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша Марат Әзілханов өңірде іске асырылып жатқан бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының активі қоғамдық келісімді нығайтуға, бірлік пен патриотизм құндылықтарын ілгерілетуге елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/1055591?lang=kk
Жауап қалдыру