Аманғали Бердалин Қостанай өңіріндегі агрошаруашылықтармен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар агроқұрылымдарды аралады.
Сапардың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау, заманауи технологиялардың енгізілуін бағалау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу.

Вице-министр Қостанай облысының Амангелді ауданында «Еуразия Инвест» ЖШС жұмысымен танысты. Бұл шаруашылық қалмақ тұқымды асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. Мұнда 800-ден астам ірі қара және 3 мыңнан астам жылқы бар.
2023 жылы шаруашылық өз қаражаты есебінен құны 80 млн теңге болатын 500 басқа арналған бордақылау алаңын салды. Өткен жылы 20,5 тонна ет өндірілді.

Сондай-ақ вице-министр «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауытына, «Север-Агро Н» ЖШС асыл тұқымды репродукторына барды.
Бұл шаруашылық абердин-ангус тұқымды ірі қара өсіреді, мұнда 1 380-нен астам ірі қара бар, оның ішінде 701-і – аналық мал. 2024 жылы шаруашылық 107 бас асыл тұқымды жас малды сатты.

Еліміздегі ең ірі бордақылау алаңы – «Терра» ЖШС. Қуаттылығы 25 мың басқа арналған алаң 2024 жылы тірі салмақта 9,9 мың тонна ет, ал биылғы 7 айда 2,5 мың тонна ет өндірді.
Бордақылауға мал сатып алу 6 өңірдегі 500-ден астам фермерлік шаруашылықтан жүзеге асырылады.

Кәсіпорында 2021 жылы жылына 15 мың басқа арналған ет өңдеу комбинатын салу жобасы іске асырылды.
«Терра» компаниялар тобы биыл ірі қара малын өсіру және бордақылаудың австралиялық технологиясын енгізу аясында жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 3 жобаны жүзеге асырады. Олардың қатарында ет-сүйек ұнын өндіру және ағынды суларды тазарту цехын салу бар. Инвестициялардың жалпы құны – 2,2 млрд теңге.

Аграрлармен кездесулер барысында мемлекеттік қолдау тетіктері, субсидиялау мәселелері, мал азығы базасын қалыптастыру және заманауи технологияларды енгізу жайы талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1055522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді