
Мониторинг барысында санитарлық тазалық пен абаттандыру қағидаларын бұзған кәсіпкерлік нысандары анықталды. Тиісті құқықбұзушылықтар бойынша бірқатар кәсіп иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында шаралар қабылданды.
– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қала аумағын таза ұстау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осы бағыттағы жұмыстар «Таза Ақтау» жобасы аясында жүйелі түрде жалғасатын болады. Кәсіп иелерін санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.
Айта кетейік, бұл шара қала келбетіне кері әсер ететін құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қолға алынған.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1055643?lang=kk
Жауап қалдыру