“Ашық есік күні” акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 19 тамызында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту дәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасын қолдау орталығында “Ашық есік күні” акциясы өткізілді. Іс-шараға Казталов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы К.Д.Абдуллин, адвокат және нотариус қатысты.

Акция барысында азаматтар неке бұзу, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, алимент өндіру, мүлікті бөлу, денсаулық сақтау мәселелері және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1055513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді