
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған медиажоспар аясында «Aqjaiyq» телеарнасының «Белсенді ұстаным» бағдарламасында тікелей эфир өтті.
Бағдарламаға Орал қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Тукашева А.С. және адвокат Габдуалиев М. қатысты.
Эфир қонақтары Конституцияның елдің Негізгі заңы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлін көрсетті, сондай-ақ демократиялық қағидаттар мен заңның үстемдігін сақтаудың қажеттілігіне назар аударды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауды қалыптастыру болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1055514?lang=kk
Жауап қалдыру