Аудан әкімі депутаттардың алдында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде есеп берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 тамызда Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Оны аудандық мәслихаттың төрайымы Лязат Қонарбаева өткізді. Сессия жұмысына депутаттар, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Қоғамдық кеңес пен аумақтық мекемелердің өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.  

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі болды.

Өз баяндамасында аудан басшысы Қазақстан Республикасының Президенті айқындап берген стратегиялық басымдықтарды атап өтті. Атап айтқанда, экономика салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халық табысын арттыру және инвестиция тарту мәселелеріне тоқталды.

Әкім ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау, мәдениет және спорт салаларына ерекше көңіл бөлді.

Есепті тыңдаған мәслихат депутаттары аудан әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен қатар, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттердің белгіленгенін атап өтті. Сонымен бірге олардың табысты жүзеге асуы атқарушы және өкілді билік органдарының бірлескен еңбегіне байланысты екені айтылды.

Талқылау барысында депутаттар аудан әкімінің қызметіне оң баға беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың өзекті мәселелерін шешу жолында атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша аудан әкімінің қызметі бірауыздан қанағаттанарлық деп танылды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудан әкімдігі жанындағы кейбір консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамдарын бекіту болды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Эльмира Мұратова сөз сөйледі.

Сессия қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1055515?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді