Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2025 – 29.08.2025
Қабылдау 1 этап: 02.09.2025- 04.09.2025
Қабылдау 2 этап: 08.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 09.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
12.09.2025
Сұхбат: 17.09.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
“Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі” КММ бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалыс
кезеңіне 2028 жылғы 9 мамырына дейін), E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша
бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік егемендікті нығайту бойынша мемлекеттік саясатты,
қоғамдық үрдістерді және қоғамдық шоғырландыруды, демократизациялауды
және ауданда гендерлік саясатты іске асыруды аудандық газеттерде ақпараттық
жариялауды жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын
насихаттау және түсіндіру, Мемлекеттік бағдарламалар, «2050 жылдарға дейін
Қазақстанның даму Стратегиясының» негізгі бағыттары бойынша
ұйымдастыру жұмысы. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және Қазақстан
Республикасындағы басқа да мерекелерді дайындауды және өткізуді саяси
қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Діни
бірлестіктердің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің (басқарушы
емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, балалар мен жастар
ұйымдардың, кәсіподақтардың) қызметіне мониторинг жүргізу. Діни
бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, басқарушы
емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, балалар мен жастар
ұйымдарымен, кәсіподақтармен өзара іс-әрекетті тұрақты ұйымдастыру. Кіріс
хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, тағайындау бойынша беру және шығыс хат-
хабарларды жіберу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
мерзімдерін есепке алу. Бөлім қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын жүргізу,
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес атқаратын лауазымынан
босату және қабылдау бойынша қажетті құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік
қызметті өткерумен байланысты мемлекеттік органдардың шешімдерін
ресімдеу. Бөлімнің құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілердің
жобаларын әзірлеу. Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу. «А» блогы.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
халықаралық құқық, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, құқықтану, қаржы,
гуманитарлықғылымдар, әлеуметтікғылымдар,экономикажәнебизнес,
маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, менеджмент, есеп және
аудит, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет
бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, государственное и
местное управление, педагогика және психология, экономика, қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ұйғыр тілі мен әдебиеті
мұғалімі, өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, дін және
теология, тілдерді оқу, бухгалтерлік іс және салық салу, менеджмент және
басқару, маркетинг және жарнама.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tayinsha-ovp/press/news/details/1055519?lang=kk
Жауап қалдыру