
Контрафакт жедел профилактикалық іс-шара
Полиция департаменті мен Әділет департаментінің бірлескен жұмысы аясында республикалық «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және олардың алдын алу, сондай-ақ тұтынушылар мен құқық иелерінің құқықтарын қорғау болып табылады.
Тексеру барысында сауда нүктелері, қойма үй-жайлары және тауарларды өткізу орындары қамтылды. Ерекше назар құқық бұзушылықпен өткізілетін өнімдерге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларға аударылды. Іс-шара нәтижесінде контрафактілік өнімді өткізу фактілері анықталып, құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды.
Мұндай іс-шараларды өткізу контрафактілік өнім айналымының деңгейін төмендетуге, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықтың тауар таңдау кезіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталға
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1055520?lang=kk
Жауап қалдыру