ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің ұйымдастыруымен ұйымдардағы қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғаларға арналған жиналыс өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңы талаптарын түсіндіру және осы бағытта жұмыс берушілердің міндеттерін нақтылау мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынға Түркістан облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Мұрат Сағынұлы Төлендиев қатысып, заңда көзделген сақтандыру шаралары, жұмыс берушінің жауапкершілігі және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары бойынша хабарлады.
Шара барысында қатысушылар сауалдарын жолдады. Пікір алмасып, еңбек қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1055586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді