ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл жоба аудан тұрғындары үшін өте маңызды, себебі жылу құбырының жаңартылуы қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етудің сапасын жақсартуға және жылу жүйесіндегі апатты жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы сомасы 44 миллион теңгені құраса, жылу құбырының ұзындығы 780 метрді құрайды. Мердігер ұйым – «ABY Co.» ЖШС.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сағынтай Мұхаметжановтың айтуынша, аудандық әкімдік құрылыс жұмыстарының жүргізілуін күнделікті бақылауда ұстайды және мердігер ұйымға барлық қажетті көмекті көрсетеді. Оның сөзінше, жобаны аяқтау мерзімі қатаң бақылауда және барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылу құбырын жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін Астрахан ауылының тұрғындары жылу жүйесінің сапасы мен сенімділігінің жақсаратынын сезінетін болады. Бұл жоба ауылдың әлеуметтікэкономикалық дамуына да өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1055585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді