
18 тамыздан бастап СуперХҚО ғимаратында (генерал Дүйсенов көшесі, 80) Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары азаматтарды қосымша қабылдауды ұйымдастырды.
Жұмыс кестесі:
күн сайын сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін,
түскі үзіліс: 13.00-ден 14 сағат 30 минутқа дейін.
Сізге салық салу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Сізге жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша міндеттемелерді орындау сұрақтары бойынша кеңес беріледі.
Ыңғайлы. Жылдам. Кезексіз.
Біздің қызметкерлер барлық мәселелер бойынша түсіндіруге дайын!
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055583?lang=kk
Жауап қалдыру