
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.
2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Солтүстік Қазақстан облысында болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясына қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIV сессиясында белгіленген тапсырмаларын іске асыру, жалпыұлттық бірлікті нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, ҚХА жобаларын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту, сондай-ақ этномедиация институтын дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/1055582?lang=kk
Жауап қалдыру