
Атаулы күн – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ қабырғасында ұжымның облыстық мәслихат депутаты С. Қ. Сұрағановамен кездесуі өтті.
Депутат өз сөзінде алдағы оқиғаның маңыздылығына – 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына назар аударды.
Конституция – бұл жай ғана құжат емес, бұл біздің мемлекеттілігіміздің іргетасы, тұрақтылық пен дамудың кепілі. Бұл әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мызғымас қалқан, демократияның, құқықтық тәртіп пен қоғамымыздың бірлігінің берік негізі.
Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің және тұрақты прогрестің символы. Отыз жыл бұрын Қазақстан халқы бүкіл қоғам үшін біріктіруші күшке айналған Негізгі заңға дауыс беру арқылы тарихи таңдау жасады. Бүгін біз бұл күнді азаматтық бірлік пен жауапкершілік күні ретінде мақтанышпен атап өтеміз.
Біздің Негізгі Заңымыз мемлекетіміздің берік тірегі, қазақстандықтардың барлық ұрпақтары үшін әділдіктің, теңдік пен прогрестің символы болып қала берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1055248?lang=kk
Жауап қалдыру