2025 жылдың 22 тамызында 33 рет дәстүрлі республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ұлытау үні-2025»  фестивалі

22 тамыз сағат 10.00

 

2025 жылдың 22 тамызында 33 рет дәстүрлі республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды. «Ұлытау үні» фестивалі – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестиваль аймағымыздың рухани өмірінде айрықша орын иеленеді.

Төл өнерімізді ұлықтап, сырлы, сазды әндерімізді, ел ішіндегі өнерпаздар мен танымал тұлғалардың шығармашылығын дәріптеп келе жатқан «Ұлытау үні» фестивалі өз дәстүрінен жаңылған емес.

Фестивальдің ашылуы Кеңгір жағалауындағы Амфитеатр сахнасында хореографиялық композициясымен басталды. Киелі Шыңғыстау бауырында өткен ұлы Абайдың 180 жылдық тойының Ұлытау даласындағы жаңғырығы ретінде Абай туралы театрландырылған көрініс көрсетілді.

Ашылу салтанатында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ақылбекова Зина Жұманазарқызы құттықтау сөз сөйледі.

Фестивальдің ашылуында фестиваль қонақтары:

  • Астана қаласынан «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі,
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Кенжеғали Мыржықбай,

– Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, әнші Асқар Мұқият өнер көрсетті.

Дәстүр бойынша фестивальдің ашылу салтанаты Жақсыкелді Сейіловтің «Ұлытау» әнімен аяқталды. Орындаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов.

 

22 тамыз сағат 11.00

 

Кеңгір су қоймасы  жағалауындағы Амфитеатр сахнасында фестивальдің ашылуы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жылдығына арналған әншілер байқауына жалғасты.  

Әндері қазақ даласын шарлап кеткен даңқты композитор, қазақ вальсінің королі, алаштың аяулы ұлы, кенді аймаққа арнап «Жарқырайды Жезқазған» әнін жазған саз саңлағы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай вокал жанры бойынша байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 үміткер қатысты:

  1. Бэджа Калмыков – Ақтөбе облысы
  2. Тұрдыжан Қуаныш – Алматы облысы
  3. Қасым Ермек – Ақмола облысы
  4. Жунисбекова Шырайлым – Балхаш қаласы
  5. Қарабай Әлішер – Астана қаласы
  6. Меңдіғали Әділғазы – Батыс Қазақстан облысы
  7. Шағыров Бисат – Абай облысы
  8. Ерғазы Қайырхан – Ұлытау облысы
  9. Саутхан Фаида – Қарағанды облысы
  10. Сүлейменова Еркінгүл – Алматы қаласы
  11. Әлиасқар Рахман – Қызылорда облысы
  12. Каримжанов Диас – Қостанай облысы
  13. Әбілбай Әділет – Ұлытау облысы
  14. Жамбылбек Қымбат – Жамбыл облысы

 

Байқаудың қазылар алқасы:

  1. Кенжеғали Мыржықбай – төраға, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
  2. Марат Шоқтаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Қалмағанбетов атындағы филармонияның хормейстері.  
  3. Жақсыгелді Кемалов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.
  4. Қорабай Есенов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер
  5. Жағыпар Әлімханов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер

Байқау жеңімпаздары:

  1. Бас жүлде – Саутхан Фарида (Қарағанды облысы)
  2. I орын – Әбілбай Әділет (Ұлытау облысы)
  3. II орын – Қасым Ермек (Ақмола облысы)
  4. III орын – Бэджа Калмыков (Ақтөбе облысы)
  5. III Жамбылбек Қымбат (Жамбыл облысы)

22 тамыз сағат 20.00

 

 Осы алаңда байқаудың 1-ші кезеңінен өткен үміткерлер өнер көрсетеді.

22 тамыз сағат 11.00

 

Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ХХХІІІ дәстүрлі  «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өтетін сазгер-күйші, Кетбұқа жыраудың 840 жылдығына арналған  күйшілер байқауы басталды.

Кетбұқа бабамыз – артына аталы сөз тастаған жырау, өлмес күй мұрасын аманаттап кеткен даңғайыр күйші.

Кетбұқа бабамыздың өлмес мұрасын насихаттау, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында бірнеше танымдық кітаптар, «Кетбұқаның күй мұрасы» атты жинақ шығарылды. Жезқазған қаласының орталық алаңдарының біріне бабамыздың еңселі ескерткіші тұрғызылды. мақалалар жазылды, конференциялар, халықаралық күй конкурстары өтті.

Бүгінгі республикалық күйшілер конкурсы Кетбұқа бабамыздың 840 жылдығына арналып отыр.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 9 үміткер қатысты:

 

1

Шомбаев Сырым Еділханұлы

Жамбыл облысы

2

Қарамұханова Әлия

Маңғыстау облысы

3

Сәтім Ернар Сәкенұлы

Түркістан облысы

4

Жолдығали Әділет Саматұлы

Атырау облысы

5

Қасымова Айшолпан

Астана қаласы

6

Оспанов Нуриден Мусаулы

Ұлытау олысы

7

Жайлыбай Азиз Төлегенұлы

Қызылорда облысы

8

Махмут Алтынай

Қарағанды олбысы

9

Ақерке Серікқызы

Алматы қаласы

 

Байқаудың қазылар алқасы:

  1. Жанғали Жүзбай – төраға, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, ҚҰМУпрофессоры, домбра кафедрасының меңгерушісі.
  2. Нұрлан Хамзин – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау облыстық Т.Қалмағанбетов атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі.
  3. Бабыр Арғынов – Халықаралық сыйлықтың иегері, Саз аспаптар шеберлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төраға орынбасары, ҚазҰӨУ аға оқытушысы
  4. Жайнат Құлжанбекова – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, Жезқазған музыка колледжінің ұстазы
  5. Қасиет Мұқатаев – Республикалық «Алтын қобыз» сыйлығының иегері, күйші

Байқау жеңімпаздары:

Бас жүлде – Қасымова Айшолпан

  • І орын – Сәтім Ернар Сәкенұлы (Түркістан облысы)
  • ІІ орын – Шомбаев Сырым Еділханұлы (Жамбыл облысы)
  • ІІІ орын – Махмут Алтынай (Қарағанды облысы)
  • ІІІ орын – Оспанов Нуриден Мусаулы (Ұлытау облысы)

22 тамыз сағат 11.00

 

Жезқазған қаласының өнер мектебінде ХХХІІІ дәстүрлі  «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өтетін Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мульти аспапшылар байқауы басталды.

Биыл – әйгілі күйші, композитор, дирижер, дәулескер домбырашы. «Қазақ КСР-і халық әртісі», «КСРО Халық әртісі», «Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын әлем жұртына танытқан тұлғаның мерейтойына орай ЮНЕСКО биылғы жылды «Н.Тілендиев жылы» деп жариялаған болатын.

Мультиаспапшылар байқауы облысымызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Байқауға қатысуға 11 үміткер ниет білдірді.

 

1

Османова Мадина

Астана қаласы

2

Омар Назира

Алматы қаласы

3

Бурабаев Руслан

Қызылорда облысы

4

Шөкенов Темірлан

Қарағанды облысы

5

Қазихан Айха

Ақмола облысы

6

Мақатан Жаныбек

Жетісу облысы

7

Балмаганбетов Бекарыс

Ақтөбе облысы

8

Құрақ Аяжан

Астана қаласы

9

Оспанов Нүриден

Ұлытау облысы

10

Альмишев Санджай

Ұлытау облысы

11

Бағдар Жарқын

Ақмола облысы

 

Байқаудың қазылар алқасы:

  1. Еділ Құсайын – төраға, этномузыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Ұлттық «Жыл адамы-Алтын адам» сыйлығының иегері, композитор.
  2. Қошан Мұстафаұлы – өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Інжу-Маржан» хабарының редакторы, «Құрмет» орденінің иегері
  3. Байғара Сәдуақасов – Мәдениет саласының үздігі, Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі.
  4. Гүлнар Қасқатаева – Мәдениет саласының үздігі, «Назқоңыр» халықтық фольклорлық-этографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі.
  5. Азамат Бақия – мультиаспапшы, ұлттық музыка аспаптарын жасаушы шебер,    І Республикалық мультиаспапшылар байқауының бас жүлдегері.

Байқау жеңімпаздары:

Бас жүлде – Альмишев Санджай (Ұлытау облысы)

  • І орын – Құрақ Айжан (Астана қаласы)
  • ІІ орын – Османова Мадина (Астана қаласы)
  • ІІІ орын – Омар Назира (Павлодар облысы)
  • ІІІ орын – Қазихан Айхат (Ақмола облысы)

23 тамыз сағат 10.00     

 

Фестивальдің шарықтау шегі саналатын республикалық ақындар айтысын 23 тамыз күні сағат 10.00-де тамашалай аласыздар. Айтыс қорытындысы 23 тамыз күні сағат 17.00-де шығарылады. Сол күні кешкі сағат 18.00-де осы амфитеатрде фестивальдің Гала-концерті өтеді.

Айтысқа 12 ақын қатысады.

Қазылар мүшелері:

         Жүрсін Ерман – төраға, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Ұлытау облысының құрметті азаматы.                                  

  1. ⁠Аманжол Әлтай – жүргізуші. айтыскер ақын, фольклортанушы ғалым,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, профессоры, ф.ғ.д. ҚР парламент депутаты
  2. Қойлыбай Асанов – ақын, ф.ғ.д. профессор, фольклортанушы, Е.Букетов ат.Қарағанды ғылыми-зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі.
  3. Мұқаш Сейтқазинов – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  4. Құдайберлі Мырзабеков – айтыскер ақын, Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі. 
  5. Ахмет Өзбеков – Жамбыл облысы айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығының директоры
  6. Өміржан Көпбосынов – сарапшы, айтыскер ақын, Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы

Айтысты Аманжол Әлтай жүргізеді.

Жеңімпаздары:

 

  1. Бас жүлде – Рүстем Қайыртай (Абай облысы)
  2. I орын – Нұрлан Есенқұл (Шымкент қаласы)
  3. II орын – Сырым Нығызбай (Ұлытау облысы)
  4. III орын – Нұрмат Мансұр (Қызылорда облысы)

23 тамыз сағат 18.00     

 

«Кеңгір» су қоймасы жағалауындағы Амфитеатрда «Ұлытау үні» фестивалінің жабылуына арналған гала-концерт өтеді. Концерт шымылдығын  Т.Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының өнерпаздары ашады.

  1. Үкілі Ыбырайдың әні «Шалқыма» және халық әні «Қалқаш-қалқаш». Орындайтын – филармония әншісі Бексұлтан Барақбай.
  2. Сая Махамбеттің әні «Қазағымсың». Сахнада – әнші Әдемі Сайлау.
  3. Қайрат Баекеновтің әні «Туған дала». Орындайтындар әншілер триосы: Әділет Әбілбай, Қайырхан Ерғазы, Думан Рахым.
  4. Аяулым Серікбайдың орындауында Төлеген Мұхамеджановтың әні «Мен деп ойла» және Ш.Қалдыаяқовтың әні «Бақыт құшағында.
  5. «Мезгілсіз махаббат» әні мен «Көркемім» әні. Сахнада – әнші Қайырхан Ерғазы.
  6. Ш.Қалдыаяқовтың әні «Шынарым». Орындайтын – филармония әншісі Әділет Әбілбай.

Одан кейін фестиваль аясында өткен байқаулардың Бас жүлде иегерлері өнер көрсетеді.

Фестивальдің гала-концертінің арнайы шақырылған қонақтары:

  • «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі! Көркемдік жетекшісі – Азамат Бақия;
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ өнерінің таңдаулы өкілдерінің бірі, әнші Тамара Асар;
  • Әнші, композитор, бірнеше хит әндердің авторы, көптеген кино-сериялдарға музыка жазған және саундтрек орындаушысы ретінде танымал болған дарын иесі Ұшқын Жамалбек;
  • Қазақ эстрадасының танымал өкілі, әнші, тележүргізуші, «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильміндегі басты рөлімен көрермен жүрегін жаулаған сүйікті актриса Мөлдір Әуелбекова.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1056452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді