
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылдың 4 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 10:00-де қалалық әкімдік ғимаратында (Т.Ахтанов көшесі 50 (17 каб) өтеді.
Күн тәртібі:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Ақтөбе қаласы әкімінің есебі туралы.
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 238 «2025-2027 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, Ақтөбе қалалық мәслихат сессиясының отырысы Facebook парақшасында (https://www.facebook.com/aqtobemaslihat?mibextid=LQQJ4d) тікелей трансляцияда көрсетіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А.Даржанова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1056454?lang=kk
Жауап қалдыру