Ертіс ауданы басқармасының ұжымымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Ертіс ауданының басқармасының ұжымымен кездесу  өткізілді.

Мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасы келтірілді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге; өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға тиісті.

Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыртқы келбетіне қойылатын талаптар түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.

Кездесу соңында басқарма қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1056330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді