
23–29 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында ұйымдастырылған «ШЫҰ кездесуі — жүректің үні» халықаралық мәдени іс-шарасы өтуде.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 27 тамыз күні фестиваль сахнасында Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан ерекше өнер ұжымы – «Sensitive» би театры өнер көрсетеді. Бұл – еліміздегі есту қабілеті шектеулі жандардан құралған жалғыз би ұжымы. Олармен бірге сахнада есту қабілеті төмен балалардан құралған «Кішкентай дельфиндер» хоры да өнер көрсетеді.
Олардың бірлескен қойылымы – жай ғана өнер туындысы емес. Бұл – рухтың күші, тең мүмкіндіктер мен шекарасыз өнер тілі туралы әсерлі үндеу. Бұл — жүректің үні сөзден де биік шығып, халықтар мен мәдениеттерді жақындастыра алатынын көрсететін оқиға.
Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1055964?lang=kk
Жауап қалдыру