«Baqytty Bala–2025» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбеде балаларға арналған халықаралық деңгейдегі ең жарқын әрі шырайлы шаралардың бірі — VI ашық «Baqytty Bala–2025» вокалдық фестиваль-байқауының Гала-концерті өтті. Өнер сүйер қауымның басын қосқан бұл кеште жеңімпаздар анықталып, лайықты марапаттарына ие болды.

Бас жүлде мен 1 миллион теңге Беларусь елінің Минск қаласынан келген София Рустамоваға табысталды. Бірінші орын және 700 мың теңге Ижевсктен келген дарынды өнерпаз Кирилл Усовқа бұйырды.

Екінші орын және 500 мың теңгеден Қазан қаласының әнші қызы София Фадеева мен алматылық Мирас Нағашыбай иеленсе, үшінші орынды 300 мың теңгеден Өзбекстаннан
Лайло Хафизова, ақтөбелік Мөлдір Абдирова, атыраулық Нұршат Кусанова өзара бөлісті.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің 20 елдегі жанкүйерлері атынан бес қатысушыға 100 мың теңгеден арнайы сыйақы берілді. «Kazakh Ювелир» компаниясы үш жас өнерпазға әшекей табыстады.

Кеш барысында түрлі тілде әсем әндер шырқалып, арнайы қонақтар-Темірлан & Ернат дуэті мен Мансұр Құдайберген өз өнерлерін паш етті.

Бұл фестиваль жас дарындарға шабыт сыйлап қана қоймай, мәдениеттер үндестігін арттырып, достық пен өнердің ортақ алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1055965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді