
Қостанай қаласында сотпен әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Аталған қылмыстық істі тергеуді Қостанай облысы бойынша АФМ департаменті жүргізген.
Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан.
Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.
Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.
Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне конфискацияланды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1055966?lang=kk
Жауап қалдыру