
112 қызметінің пультіне Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Березовая грива аумағында саңырауқұлақ теруге кеткен адамдармен байланыс жоқ деген хабарлама түсті.
Белгілі болғандай, үш әйел саңырауқұлақ теруге кетіп, оларды күтіп отырған туыстарына белгіленген уақытта оралмаған.
Хабар түскен бойда ТЖМ және ПД қызметкерлерінен тұратын іздестіру тобы құрылды. Іздестіру жұмыстарына жаяу топтар, автокөлік пен дрондар (БПЛА) жұмылдырылды.
1963, 1984 және 2016 жылы туған үш әйел іздеу тобының көмегімен табылды. Абырой болғанда, жағдайлары қанағаттанарлық, олар жақындарына табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1055938?lang=kk
Жауап қалдыру