Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес жұмысына Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу, коммуналдық тұрғын үйді бөлу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының есебі, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту, сондай-ақ аудандық мәслихаттың тұрғын үй көмегіне қатысты шешіміне түзету енгізу мәселелері қаралды.

Қоғамдық кеңес құрамына бірауыздан жаңа мүше – Гастелло ауылындағы «Агропромтехника» ЖШС қойма меңгерушісі Сергей Иванович Герасимчук қабылданып, оған куәлік табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1055924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді