
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын тойлау аясында Сарыарқа ауданында 3х3 баскетбол турнирі ұйымдастырылды. Алаңда Астана, Алматы, Павлодар, Семей және Қарағанды қалаларынан келген 300-ден астам спортшыдан құралған 75 команда өзара бақ сынады.
Жарыс бес санат бойынша өтті: 14 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар, 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында. Турнирге елорданың жетекші балалар баскетбол академиялары: Sana Sport, Fizmat Academy, Zaur Academy, Steppe Dunk, ПБК «Астана» және басқалары қатысты.
Шара аясында спортшылар Конституцияның мерейтойына орай «30» санын бейнеледі.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар және естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1056706?lang=kk
Жауап қалдыру